Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"21 түлек шағымын қайтарып алды": Бір үміткер Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бермек

Ғылым және жоғары білім министрлігінің үстінен 22 талапкер сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, 21 түлек шағымын алып тастап,  олардың біреуі ғана істі сотқа беру туралы шешім қабылдады.



“Бізге бір ғана шағым қалды. Бірінші тыңдау 19 қыркүйекте өтеді. Бірақ бұл ретте талап арыз берген талапкер Narxoz университетінің грантын да, мемлекеттік грантты да алған. Біз барлық дәлелдерімізді сотқа жеткіземіз. Бұл түлек университет бөлген бірінші грантын шілде айында алса, екінші мемлекеттік грантты басқалар бас тартқан бюджеттік орындарды қайта бөлу кезінде алды. Бірақ түлектің университетке көңілі толмайды”, – дейді министр. 

Қалған түлектер жоғары оқу орындары мен әкімдіктерден, мемлекет есебінен немесе басқа үміткерлер бас тартуға шешім қабылдаған орындардан грант ұтып алғаннан кейін шағымдарын қайтарып алған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматылық талапкер Медина Майсар ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа беретіні туралы жазған едік. Медина Майсар жоғары балл алса да, грантқа түспей қалғанына, ал одан төмен алғандар грантқа ілігіп кеткеніне наразы болған. 

Талқылау