Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандық туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындады

Қаржы мониторингі агенттігі контрагенттерге 4 миллиард теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген ақтөбелікке іздеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Іздеу жарияланған 38 жастағы Руслан Омаров Ақтөбе облысы, Алға қаласының тумасы. Ол жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген.



2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров "Sunkar Logistics" ЖШС директоры ретінде әрекет еткен. Осылайша контрагенттерге 4 миллиард теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген.

Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден асады.

Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

+7-701-770-08-65 – іздеу бойынша,
+7-7292-40-36-59 – кезекші бөлім. 

Омаров туралы ақпарат берген азаматтарға сыйақы мен анонимділікке кепіл беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасының басшысына халықаралық іздеу жариялағаны туралы жазған едік. 

Талқылау