Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арбасының аккумуляторы гельден жасалған деп сылтаурауда ": Алматы әуежайында мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбеген

Желіде Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойғанына наразы болған қазақстандықтың видеосы тарады. Оның айтуынша арбада отырған адамды қызметкерлер рейске тіркегісі келмеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан скрин

Оқиғаның видеосын Facebook желісінде Иаков Воронцов есімді азамат таратты. Оның айтуынша оқиға Алматы халықаралық әуежайында болған.

"Рейске жолаушыны тіркегісі келмейді. Себебі ол мүгедектер арбасында. Мүгедектер арбасының аккумуляторы гельден деген сылтаумен кіргізбей жатыр. Әуе компаниясына осы жөнінде алдын ала қоңырау шалып, ескертілген. Рейске тіпті тіркегісі келмейді. Әуежайдың өкілдерін шақыр десек, шақырмай жатыр", – дейді ол.

Воронцов видео барысында жазылушылардан "не істеуіміз керек" деп кеңес сұрады.

"Бұл адам ДЦП, бірінші топтағы мүгедектігі бар адам. Үйіне ұша алмай отыр. Үйінде күтіп отырған әйелінің де ерекше қажеттілігі бар. Ұшу уақыты болып қалды. Заңгерлер не дейді? Әуежайда кімге хабарласуымыз керек?" – деген видео кадрларында.

Stan.kz тілшісі Алматы халықаралық әуежайынан мән-жайды сұрады. 

“Осы оқиғаға байланысты Алматы халықаралық әуежайы жолаушы рейске жіберілмегені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Авиациялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, әуе компания өкілі жолаушыдан батареяның алынатынын анықтау үшін сәл күте тұруын сұрады.

Әуекомпания қызметкері алмалы-салмалы гелий батареясы бар арба тасымалданатыны туралы хабар жібергеннен кейін жолаушыға мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға көмек көрсету қызметі (PRM) шақырылды. Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарататын адамдар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін хабарлаймыз”, – деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі. 

Талқылау