Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Қазақстанға оралды (видео)
Париж Олимпиадасында ел қоржынын күміс медальмен толықтырған Демеу Жадыраев елге оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Демеу Жадыраевты Алматы әуежайында Алматы облысы әкімдігі, жақындары мен жанкүйерлері, журналистер, Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының өкілдері сән-салтанатпен қарсы алды.
Олимпиада күміс жүлдегерін халық әуежайдан көтеріп шығарды.
"Барлығыңызды құттықтаймын! Алла алдарыңыздан жарылқасын! Мені қолдап жатқан адамдарға алғыс айтамын! Бұл жеңіске сіздердің арқаларыңызда жеттім. Барлығыңызға рахмет! Енді 2028 жылғы Олимпиадаға дайындаламыз. Ештеңе кедергі болмауы керек", - деді спортшы.

Айта кетсек, Демеу Жадыраев Париждегі олимпиада ойындарының финалында ұтылып, күміс жүлдегер атанды. 77 келі салмақта сынға түскен балуанымыз финалда жапондық балуан Нао Кусакамен белдесіп, 5:2 есебімен ұтылып қалды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"