Премьер-министр алты облыс әкіміне ескерту жасады
Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысы кезінде бірден бірнеше өңірдің әкімдеріне ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отырыста үкімет басшысы елді мекендердің медициналық мекемелер мен осы саладағы кадрлардың тапшы екенін ескертті.
"Әкімдіктер барлық нысандар құрылысының уақтылы және сапалы жүргізілуіне күнделікті бақылауды күшейтуі керек. Сол себепті Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Жетісу облыстары әкімдерінің назарын аударамын. Құрылыс маусымы, әсіресе солтүстік аймақтар үшін жақын арада аяқталатынын ескеру қажет", – деді премьер-министр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"