"Іші кесілген, йод жағып қойған": Лиза Пылаеваның әкесі сотта қызының өліміне қатысты тың деректерді бөлісті
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2019 жылы мерт болған 6 жасар Лиза Пылаеваның өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі отырыста Лизаның әкесі Александр Пылаев куәлік етті. Ол болған оқиғаны телефон арқылы білген және бірден ауруханаға барған. Лизаның көз жұмғанын бірден білмеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Іс бойынша мына үш адамға айып тағылған:
- Ольга Шмакова Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы ("Адам өлтіру") бойынша;
- Леонарда Рыжаковаға қатысты Қылмыстық кодекстің 420-бабының 2-бөлігі ("Көрінеу жалған айғақ беру, сарапшының, маманның қорытындысы немесе дұрыс аудармау") бойынша;
- Ал Ухтаб Махмудовға Қылмыстық кодекстің 432-бабы және 420-бабының 2-бөлігі ("Қылмысты жасыру") бойынша айып тағылды.
Осы үш айыпталушы сотта өздеріне тағылған айыпты түсінбейтінін және кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді. Ал Александр Пылаев оқиға болған күні өзі көрген жағдайларды айтып берді.
"2 мамырда біз жиенімізді шоқындыру рәсімінен өткіздік, Лиза сол жерде болды. Содан кейін мен оны Рыжаковтарға апардым. Ал 3 мамырдан бастап Лиза менің қасымда болды. Леонарда Рижакова Лизаның немере ағасының туған күнінде болғанын қалап, жазды. Басында Лиза барғысы келмеді, бірақ кейін көнді. 9 мамырда кешке менің бұрынғы әйелім Марина келіп, қызды алып кетті. Сол кезде мен қызымды соңғы рет көрдім. 11 мамырда Рыжаковамен телефон арқылы сөйлестім.
12 мамырда үйде болдым. Күні бойы үй жинап, тамақ істеуге шамам болмады. Анама хабарласып, “тамақ бар ма” деп сұрадым. Ол кел деді, бардым, котлетті енді аузыма ала бергенде телефоным шырылдады. Рыжакова хабарласып, тез арада ауруханаға баруымды айтты. Ол Лизаны ескерткіштен құлады деді. Сағат 21:30-да мен ауруханада болдым. Кіргенімде Ольга Шмакова мен Андрейді, олардың балалары мен Маринаны көрдім. Мен Андрейге қолымды создым. Ол Лизаның қайда екенін сұрады. Мені тартып алып, қолымды жібермеді, содан кейін қолымды бұрышқа қысып, физикалық күш қолданды. Осы кезде жансақтау бөлмесінен дәрігер шықты. Ол есік алдына тоқтап, Лизаның жағдайы ауыр екенін айтты. Мен білетін барлық дәрігерге хабарласып, шақыра бастадым. Осы кезде Сергей Рыжаков жүгіріп келіп, “Андрей бәрін шешеді. Ешкімге қоңырау шалмаңыз, Лизаға ескерткіш құлады" деп айтты”, – деді Александр Пылаев.
Дегенмен Лиза Пылаеваны ауруханаға мерт болған соң алып келген, бірақ оны әкесі Александр Пылаевқа айтпаған. Пылаев ауруханаға келіп, жағдайды бір көрген соң бүкіл таныс дәрігерлеріне хабарласа бастаған. Кейін қыздың жан тапсырғанын дәрігерлерден білген.
"Терезеден Лизаның көзі ашық жатқанын, ИВЛ аппаратқа қосылғанын көрдім. Онда сызықтардың бәрі бірдей болып тұрды. Бір кезде анам келді, ол айқайлап, құлап қалды. Кейіннен білдім, сол кезде оған Лизаның қайтыс болғанын айтып қойған екен. Бір кезде Шмаков маған Лизаның қайтыс болғанын айтты. "Лиза жоқ" деді. Реанимацияға кіріп, қызымды көрдім. Лиза столда жатты және сұйықтығымен трубкаға қосылып тұрды. Іші кесілген болды және оған йод жағып қойған. "Неге бұлай жатыр” деп сұрағанымда “оны ауруханаға осылай алып келді” деді. Оны “аппаратқа қосыңдар” деп Андрей айтыпты. Қызымның тісі жоқ, әр тырнақтары тістелген. Лиза қобалжыған кезде тырнағын тістейтін. Дәрігерлер киімді бергендерін айтты. Менің достарым, жұмыс тобы келді. Мәйітті тексеруге сот-медициналық сарапшылар да келді. Содан кейін олар мені кіргізбеді. Менімен бірге полицияда жұмыс істейтін досым келген, ол "Бұл кісі өлтіру, фотоға түсіріп ал" деді. Қолым дірілдеп жүріп, оның денесін суретке түсірдім. Шмаков мені есік алдында тоқтатты. Мен: "Мен оны үйіне апарамын" дедім. Олар сараптама жасаймыз деді. Содан кейін Шмаков: "Келісейік, олар жеке сараптама жасайды" деді. Мен бас тарттым", – дейді дейді марқұм қыздың әкесі.
Пылаевтың айтуынша, қызының денесі көгерген, жансыз болған. Әкесі қызының денесін өзі көтеріп, ауыстырып жатқызған.
“Денесі өте суық болды. Көтерген кезде арқасы бүгілген жоқ. Дегенсінің бәрі көгерген. Криминалист бұл мәйіттің дақтары деді. Ауруханада менің досым мен оның әйелі қалды. Олар Шмаков менің артымнан ілесіп шыққанын айтты. Сағат 23:12-де біз оқиға болған үйге бардық. Шмакова мен Рыжакова бізді үйге кіргізбей, аулада оқиға болған жерді көрсете бастады. Оқиға орнында барлығы тексерілді. Осы кезде Шмаков шығып, барлығына су әкелді. Олар бағбан Махмудовты әкеліп, бәрі қалай болғанын сұрады. Рыжаков оның сөзін үнемі бөліп, Махмудовтың сөзін бағыттады. Шмаков Медеу ауданының прокурорын шетке алып, әңгімесін айтты. Олар көлікте қан іздері барын айта бастады. Прокурор ауруханаға барды. Сараптамалық топ келіп, Рыжакова мінген көлікті, Лизаны әкелген көлікті және Ольга Шмакованың көлігін тексеруге кірісті. Көліктердің бірінде, сосын кілемде де қан тамшылары болды", – дейді Лизаның әкесі.
Сол күні түнде ол оқиға болған үйде ауладан қан ізін іздеген. Қараңғыда фонарь қолданған.
"Аула хлормен өңделген. Ал сарапшылар бір көліктен қан ізін тапты. Сол кезде Шмаков қобалжи бастады. Оған көлікті ашып, құжаттарын беруді сұрады. Көлік тіркеуден шығарылған болып шықты. Оны Ольга айдайды екен. Бұл көлікті білемін, бұрын осы көліктің иесі қайтыс болғанын айтып отыратын. Мен көлікті фотоға түсіре бастадым, ал Шмаков фотоға түсіріп жатқаныма ашуланып, маған шабуылдады. Олар Лизаның заттарын алып кетті, мен оларды суретке түсірдім. Заттар таза, бірақ жыртылған. Лизада да, оның киімінде де, туыстарының киімінде де еш жерде қан болмады. Рыжаков жауап беру кезінде өз нұсқасын айта бастады. Шымкенттен келдім деді, кейін жұмысқа қайтамын деді. Айтуынша, барлығы үйде тамақтанған. Ал Лиза оның бөлмесіне соңғы рет кешкі 19.00-де барған. Лиза Маринаның бөлмесіне кіріп, соның жанында болыпты", – деді Пылаев.
Лизаның анасы Маринаның бірінші некеден екі баласы бар. Пылаевтың айтуынша, Лиза олармен жақсы араласқан. Ал Шмаковтармен қарым-қатынасында қиындықтар болған көрінеді. Лиза Андрей Шмаковты ұнатпайтын, мені тәрбиелеп, бірдеңе нұқып отырады дейтін. Ал Ольга туралы мүлдем ештеңе айтпайтын.
"Сол күні Леонарда төменге түсіп, Лизаның жоқ екенін және есік ашық екенін көрген. Ол үй қызметшісі Махмудовтан оны табуды сұраған. Ол оны мүсіннің астынан тапқан. Махмудов Лизаны көтеріп, үйге алып кірген. Рыжаков төмен түскенде айғайлаған дауысты естіген. Марина сол кезде жылап жатыр еді. Сол кезде Марина ауруханадағы досына Лизаға көмектесуін сұрап, хабарласқан. 13 мамыр күні Рыжаков хабарласып, эксперМен оны алуым керек еді. Кешке Лизаны алып кетуге барып, киімін ауыстырдық. ЖКО қызметкері келіп, оның маңдайындағы ромбикке ұқсас ізді алып тастады. Шмаков пен Ольга келіп, Лизаны көргісі келді. Олар айқайлап, ашулана бастады. Дәл осы сәтте мәйітке қайталама сараптама жүргізілді. Лизаны үйіне алып кетті. Жерлеу күні Рыжаковтар, Марина және Лизаның туған әпкесі Соня келді. Рыжаков бәрі маған айтқанындай болды деп айта бастады", – деді Пылаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 6 жасар Елизавета Пылаеваның жұмбақ жағдайда көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.