Мәжіліс депутаттары жануарларды ұстау мерзімін азайтып, эвтаназия жасауды жеделдетуді ұсынды
Мәжіліс депутаттары жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасы бойынша жаңа ұсыныстар жасады. Олар енді қаңғыбас жануарларды ұстау мерзімін қысқартып, эвтанизациялау керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото pixabay.com-нан
Депутат Мархабат Жайымбетов мәжілісте "жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасына енгізілген түзетулерді таныстыру барысында мәлімдеді.
"Біз эвтаназияны қолдану мерзімін 15-тен 5-ке дейін және 60-тан 30 күнге дейін қысқартсақ? Себебі иттерді ұстау үлкен шығынды талап етеді. Мәселен ағылшындардың заңнамасына қарасақ, оларда қаңғыбас иттер ұсталғаннан кейін жеті күн ғана қарауда болады. Содан кейін оларға эвтаназия жасалады. Жапонияда 25 мың ит эвтанизацияланды. Австралияда у қоспасы бар тамақ беріледі. Израильде ұсталған иттердің 30% эвтаназияға барады. Ал бізде оларды 15- 60 күн ұстау үлкен шығындарды талап етуде", - деді депутат Мархабат Жайымбетов.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким бұл мәселе жұмыс тобы аясында талқылауды қажет ететінін алға тартты.
Ал мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин егер депутаттар тарапынан түзетулер болса, онда негізінен бұл тақрыпты қарауға болатынын атап өтті.