Қырғызстанның басшылығына қастандық жасалмақ болған – ҰҚК
Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚК) Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Фото / koroche_kg
Агенттіктің мәліметінше, шетел азаматтары мен мемлекетаралық іздеуде болуы мүмкін тұлғалардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін анықтау және жолын кесуге бағытталған жедел іс-шараларды ұйымдастыру барысында трансұлттық ұйымның мүшелері саналатын Әзербайжанның 5 азаматы анықталды.
Алынған жедел дерекке сенсек, қылмыс әлемінде "қаңғыбас" деген лақап атымен белгілі М. О. Асгаров қылмыстық ортаны нығайту және ұрылар идеологиясын тарату, сондай-ақ өзінің мәртебесін арттыру мақсатында мемлекет жүргізіп жатқан ОПГ-ға қарсы белсенді күрес саясатына байланысты ел басшылығына қастандық жасау үшін серіктестерімен қырғыз аумағына келген.
Осыған байланысты Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 2024 жылғы 22 наурызда жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде жоғарыда аталған тұлғалардың барлығы ұсталды. Қазіргі уақытта оларды Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.