Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысындағы ауруханада науқастарға құрттаған тамақ берілген

Ақмола облысы Степногор қаласындағы ауруханада науқастарға құрттаған тағам берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Тамақтың ішінде жәндік қалқып жүргенін емделушілер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. 

Аурухананың инфекциялық бөлімшесіне балаларымен ем-дом алуға келген аналар түскі асқа берілген сусында құрт жүргенін байқаған. Емделушілер құрттаған сусынға ғана емес, жалпы ауруханадағы тағамға көңілі толмайтынын айтты. Тамағы дәмсіз болғандықтан, пациенттер ас ішуден бас тартқан. 

“Аумақ басқармасымен жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. Ол тексеріс прокуратура органдарына тіркеліп жүргізіледі. Бұған дейін ол тексерілген, жоспарлы түрде, биыл ақпан айында. Аталған факті бойынша ондай бұзушылықтар болған емес”, – деді Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.

Еске салсақ, бұған дейін Көкшетау тұрғыны қаладағы аурухананың адам шошырлық суреттерін жариялағаны туралы жазған едік.

Талқылау