Астана тұрғыны әйелімен жанжалдасып, оны көліктен сүйреп жолға түсіріп тастаған (видео)
Астанада ерлі-зайыпты жанжалдасып, ер адам әйелін машинадан көшеге лақтырып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан кадр
Белгілі болғандай, екеуі де мас болған. Олардың жолдағы жанжалы видеоға түсіп, полиция шақырылған.
Сағат 02.00 шамасында "102" пультіне оқиға куәгерінен GEELY көлігінің мас жүргізушісі жол бойында әйелді ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Жүргізуші көлікті тастап, жаяу қашуға әрекеттенгенімен, қамауға алынды.
Көлік ішінде ер адамның әйелі болғаны белгілі болды. Оқиғадан сәл бұрын ерлі-зайыпты дәмханада ішімдік ішіп отырған, сол жерде олардың арасында жанжал шыққан. Олар мас күйінде көлікке отырған. Көлік жүргізіп келе жатқанда ерлі-зайыптының арасындағы төбелес жалғасып, жүргізуші көлікті тоқтатып, әйелді көліктен лақтырып жіберген.
"Полицейлер жүргізушіні көлік жүргізуден шығарып, медициналық тексеруден өтуін сұрады. Алайда жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Полиция талаптарын орындамағаны және алкогольдік масаңдық бойынша тест тапсырудан жалтарғаны үшін жүргізуші 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында 15 жылдан бері іздеуде жүрген кісі өлтіруші ұсталғаны туралы жазған едік. Ол әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырып жіберген.