Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда ер адам итіне тұрғындарды қапқызған: Салдарынан үш адам зардап шекті (видео)

Атырау қаласының Авангард-2 шағын ауданында ер адам итті өтіп бара жатқан адамдарға қарсы қойып, қаптырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, оларға 31 жастағы тұрғын көмек сұрап жүгінген. Себебі белгісіз ер адам стаффорд тұқымды итін әйел мен ер адамға шабуылдатқан. Соның кесірінен ит 1992 жылғы ер адамның қолынан тістеп алды.

Иттің иесі итті оқиға орнына дереу келген полицейлерге де қарсы қойды. Патрульдік полиция батальонының бір қызметкері иттің шабуылынан бетінен жарақат алды.

"Құқық қорғау органдары туралы" заңының 61-бабы, 6-бөлігіне сәйкес патрульдік бекетке көмекке келген автопатрульдеу қызметкерлерімен бірлесіп, арнайы құралдарды қолдана отырып, ит залалсыздандырылды. Медициналық куәландыру нәтижесінде иесінің мас күйінде екендігі анықталды", – деп қорытындылады полиция.

32 жастағы ер адам заңды шаралар қабылдау үшін жедел-тергеу тобына берілді. Ит тірі.

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 25 Маусым, 2023 12:41
Талқылау