Министр Зүлфия Сүлейменова Абай облысында не себепті жылағанын түсіндірді
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысында өрт кезінде қаза тапқандардың туыстарымен кездесу кезінде не себепті жылағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, журналистер Сүлейменовадан “бұл әлсіздік таныту және жұмыстың кемшілігін мойындау ма” деп сұрады.
"Мен көз жасын әлсіздік деп санамаймын. Мен шыншыл адаммын. Қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен жанашырлық таныттым. Өйткені жақын адамдарыңнан айырылу оңай емес. Екі отбасында бірдей әкесі мен ұлы көз жұмды... Ол отбасылардың барлығына бардым, барлығы орман шаруашылығымен байланысты адамдар. Кездесуде болған кезде ол ақпаратты білдім бе? Иә, әрине, мен шын жүректен жанашырлық таныттым және шын жүректен жанашырлық танытуды адамның әлсіздігі деп ойламаймын", - деп жауап берді министр.
Бұған дейін мәжіліс кулуарында экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова әкесінің сотты болғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірген болатын.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді