Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дөңгелектің жарылуы, дауыл, ұрлық: "Евразия" СК сақтандырған көліктер ұшыраған әдеттегіден тыс жағдайлар

Статистика бойынша жыл сайын автокөліктердің 5%-ы жол-көлік оқиғаларына ұшырайды, дегенмен қазақстандықтардың "темір тұлпарларының" зардап шегуіне тек жол апаты себеп болмайды. "Евразия" сақтандыру компаниясында автокөлікті ерікті сақтандыру (КАСКО) бойынша сақтандырылған көліктердің зардап шеккен әдеттегіден тыс жағдайлары туралы айтып берді.

 Сурет Depositphotos дереккөзінен

Таңғаларлық келеңсіз жағдайлар 

Өткен айда "Евразия" СК КАСКО бойынша ерекше жағдайларға бірқатар төлемдерді жүзеге асырды. 

Lexux RX300 автокөлігі супермаркет автотұрағында тұрғанда артқы есіктің әйнегін шағып кеткен. Қаскөйлерді көліктің ішінде жатқан сөмке қызықтырып, әйнекті сындырған. Сақтандыру төлемі 170 мың теңгені құрады. 

"АвтоКАСКО бағдарламасы бойынша сақтандыру жағдайларының шамамен 90%-ын жол апаты құрайды. Одан бөлек, автокөліктер суға батады, өртенеді, айнасын ұрлап кетеді немесе дискісімен қосып дөңгелегін алып кетеді. Бірақ автокөлік иелерінің басында түрлі жағдай болады: көлікке ағаш бұтақтары құлайды, бұршақ жауады немесе тас құлайды", – дейді "Евразия" СК атқарушы директоры Юрий Славкин. 

Кезекті ерекше сақтандыру жағдайы BMW 740 маркалы автокөлігімен болды. Жол үстінде көліктің артқы дөңгелегі жарылып кеткен. Жүргізуші тоқтап үлгерген, алайда көлік зақымданған.  Полиция құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкімшілік іс жүргізуді тоқтатты – бұл оқиғаға кездейсоқ жағдай кінәлі. Осыған қарамастан, "Евразия" сақтандыру компаниясы қалпына келтіру жұмыстарына 2,2 млн теңге көлемінде төлем жасады.

Автобаза ғимаратына жел соғып автотұрақта тұрған көлік шифер бөліктерімен зақымдалды. Жөндеу құны 140 мың теңгеге бағаланды.

Осы жағдайлардың барлығында "Евразия" СК кінәлі тұлғалардың жоқтығына немесе олардың құқыққа қайшы әрекеттеріне қарамастан сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды. Егер көлік иелерінде КАСКО болмаса, олар авкөліктерін өз есебінен қалпына келтіретін еді. 

Ал міндетті автосақтандыру ше?

Міндетті автосақтандыру шарттарының иелері (КҚИ ОСГПО) жол-көлік оқиғасы болса, кінәлі тарапта да осында полис болған жағдайда ғана сақтандыру төлемдеріне сене алады. Басқаша айтқанда, мұндай полис  автокөлік иесін қорғамайды, тек апаттың басқа қатысушысы кінәлі болған жағдайда зардап шеккен тарапқа келтірілген зиянды өтейді.

"Апат болған жағдайда міндетті автокөлік сақтандыруларының иелері кінәлі тараптың полисіне ғана сене алады, егер ол болмаса, сотқа баруға тура келеді. Бұл жағдайда залалдың орнын толтыру бірнеше айға созылуы мүмкін. Егер сіздің көлігіңіз қымбат болса, Сізді жол-көлік апатынан ғана емес,  кінәлілерді іздеу бойынша барлық қиындықтарды сақтандыру компаниясына жүктейтін КАСКО полисі болғаны дұрыс", – деп түйіндеді Юрий Славкин.

Автокөлікті тонаған ұрыны теория жүзінде полиция ұстап, залалды сот арқылы азаматтық тәртіппен өтеуге болады. Егер көлікті бұршақ басып қалса, ағаш құлап кетсе немесе кез келген басқа нәрсе залал келтірсе, КАСКО полисінен басқа өтемақы талап ететін ешкім болмайды.

SmartCASCO бағдарламасы бойынша "Евразия" сақтандыру компаниясының полисін eurasia36.kz сайтында онлайн ресімдеуге болады.

ҚР ҚНРД лицензиясы 26.12.2022 № 2.1.20.