Ақтауда үш баласын өлтірген әкенің ісіне қатысты тергеу аяқталды
Ақтауда үш баласын өлтірді деп күдікке ілінген ер адамның ісі бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық іс прокурордың қарауына жіберілген, кейін сотқа жолданады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ер адам өз кінәсін мойындапты.
"Күдікті өз әрекетін мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталды және танысу үшін прокуратураға жіберілді", – делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 24 наурызда Ақтаудағы 27-ші шағынауданда 36 жастағы ер адам 3 баласын жауыздықпен өлтірді деген күдікке ілінген еді. Кейін ер адамның “Жусан” операциясы бойынша елге оралғаны туралы ақпарат тараған. Алайда полицейлер бұл мәліметті жоққа шығарды.
Қазір ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша іс қозғалған.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді