"Маған қарсы ақпараттық соғыс болып жатыр": Жигули Дайрабаев ұлдары құлдықта ұстаған азаматқа қатысты пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев ұлдары құлдықта ұстады деген азаматқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облысының 60 жастағы тұрғыны Василий Ковешников мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары өзін құлдықта адам ұстағанын айтқан еді. Алайда депутат мұны жоққа шығарып отыр.
"Ешқандай құлдық болған емес. Ол сол жерде өз еркімен болды және кез келген уақытта жұмыстан шыға алатын. Ақырында солай жасады. Бұл оның құқығы. Құжаттары әрдайым өзімен жүргендіктен де аймақта емін-еркін жүр", - деп атап өтті депутат ГосАрхив Telegram-арнасына берген сұхбатында.
Жигули Дайрабаевтың айтуынша, оған өзіне қарсы ақпараттық соғыс ұйымдастырылған.
"Мен адвокаттар арқылы жақын арада өз құқықтарымды, ар-намысымды және қадір-қасиетімді қорғау үшін құқық қорғау және сот органдарына жүгінуге ниеттімін. Менің беделіме нұқсан келтіретін әрекеттерге кім тапсырыс бергенін білетін боламын",-деді депутат.
Бұған дейін Василий Ковешников Дайрабаевтың екі ұлы Меркіде сатып алған үйінде жұмысқа жегіп, құлдықта ұстағанын айтқан болатын.
Айта кетейік, бұған дейін депутат Жигули Дайрабаевтың екі ұлы, атап айтқанда Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтардың субсидиялау қағидаларын бұзып, сатып алынған "Альбион"құлпынай көшеттерін жеке мақсаттарына пайдаланғаны анықталған болатын. Сәуір айында олар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін бес жыл шартты мерзімге сотталды. Олар мемлекетке жарты миллиард теңге шығын келтіріп, құлпынай көшеттерін өсіру үшін алған субсидиялардың бір бөлігін ысырап етті деп айыпталды.