Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий құбыр консорциумы тағы да мұнай тасымалын тоқтатты

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры арқылы айдау жұмыстарын тоқтатқанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"19 ақпанда КҚК Теңіз терминалында ауа райы жағдайына байланысты мұнай тиеу тоқтатылды. Новороссийск портының мамандары тарапынан дауылға қатысты шектеулер әлі сақталған", – делінген хабарламада. 

Алдын ала мәліметке қарағанда, Каспий құбыр консорциумының теңіз портындағы шамамен 1 млн тонна мұнайды құрайтын резервуар паркі толуға жақын. Сондықтан жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау мұнай құбыры паркінің бос бөлігін толтыруға және терминалдың резервтік паркіне бағыттау арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Консорциум мұнай тасымалдауды тоқтата тұруға мәжбүрлейтін тосын жағдай болса, қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Соңғы кезде Каспий құбыр консорциумы жұмысында апаттар немесе тоқтап қалу жағдайлары жиілеген.

Еске салайық, КҚК 2022 жылдың тамызында су асты гильзаларын қалқымалы цистерналарға бекіту орындарында жарықтар табылып, жұмысын тоқтатқан болатын.

КҚК құбыр жүйесі ТМД елдеріндегі энергетика саласындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі болып табылады.

Талқылау