“Сау жүргізуші қызметі": Елімізде мас күйінде көлік жүргізетіндер көбейген
Елімізде той томалақтан кейін мас көлік иесін жеткізіп салатын “Сау жүргізуші” қызметі бар. Алайда соңғы кезде сол қызметті атқаратын адамдардың өзі мас күйінде рөлге отырған деректер көбейген. Мамандар көлік рөлін өзгеге сеніп тапсырмас бұрын, ол адам туралы ақпаратты білуге кеңес береді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Көпшілік мас жүргізушінің кесірінен жол-көлік оқиғасы орын алса, жауапкершілікті кімнің алатынын біле бермейді. Заңгер Тұяқов егер мұндай жағдайда жол-көлік оқиғасы орын алса әкімшілік айыппұл тікелей рөлде болған жүргізушіден өндірілетінін алға тартты.
“Дегенмен қандайда бір тарапқа матетриалдық шығын келтірілген жағдайда ол көлік иесінің сақтандыру полюсы арқылы жүзеге асырылады”,- деді заңгер.
Мас жүргізушіні алмастыратын азамат оқиға орнынан қашып кеткен жағдайда көлік иесі барлығына тікелей өзі жауап береді. Сондықтан заңгер қандай жағдайда да құжатын суретке түсіріп алу керек екенін ескертті.
“Өзі ішімдік ішіп алған автокөліктің иесі жанындағы адамнан алкогольдік ішімдіктің иісін сезбеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда сау жүргізушіге сауал қою арқылы оны ұялы телефонның камерасына түсіріп алуға болады”,- деп кеңес берді заңгер.
Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Дана Қалыбай 2022 жылы 1951 жүргізуші масаң түрде көлік жүргізгені үшін ұсталғанын айтады. Ал осы жылдың басынан бастап 181 адам тіркелді

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
