Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бөлмені қайнаған су басқан: Көкшетауда коммуналдық апат болып бір жарым жасар бүлдіршін көз жұмды

Көкшетауда пәтерлердің бірінен коммуналдық апат болып, бөлмені қайнаған су басып, салдарынан бір жарым жасар бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайғылы оқиға туралы Lider.kz "Мейірімді жүрек" қоғамдық қорының басшысы Ирина Катухова мәлім етті. Онда зардап шеккен отбасының туыстары материалдық көмек сұрап өтініш білдірген екен. 

Пәтерде радиатордың шүмегі үзіліп, қыз ұйықтап жатқан бөлмені қайнаған су басқан. Бүлдіршін бумен дем алып, комаға түсіп көз жұмды.

Деректерге сәйкес қыздың әкесі де аяғына ауыр күйік алып, жарақаттанған. 

"Олардың пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктері жоқ. Ал сәбидің ата-анасының өмірлерінің мәні жоғалғасын ештеңені қаламайды. Дегенмен олардың өмір сүруге қажетті жағдай жасауы қажет үлкен ұлдары бар. Ең болмағанда жөндеу жұмыстарымен ойлары бөлінсе", - дейді еріктілер.

Қаржылық немесе құрылыс материалдарына көмекті 8 775 085 03 15 телефоны арқылы көрсете аласыз. Halyk және Kaspi банктерімен байланысты.

Еске салсақ, бұған дейін де Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жылу жүйесі жарылып, 3 әйел көз жұмған болатын.

Талқылау