"Жоқ екеніңе сене алмаймын": Марқұм Асқар Забикулиннің жұбайы жарына арнап жантебірентерлік жазба жариялады (видео)
Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінен шыққан өрт кезінде үш адамды құтқарып, кейін өзі жарнсақтау бөліміне түсіп, қаза болған Асқар Забикулиннің отбасы құрғанына 5 жыл болды. Желіде өрт сөндірушінің артында қалған жұбайы Анель Забикулинаның жарына арнаған жазбасы көпшіліктің көңілін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Анель өзінің Instagram парақшасына марқұм болған жұбайымен түскен сәттерінің видеосын жариялап, отбасын құрғандарына 5 жыл болғанын хабарлады.
“Бүгін біз әдеттегідей бір-бірімізді құттықтап, ұзақ құшақтап, кешке жоспар құрушы едік. Бұл күнді тойлап сен маған гүл берсең, мен саған “Бірге қартаяйық” деген торт сыйлауым керек еді.
Алайда міне, сенсіз өмір сүріп жүргеніме 19 күн болды. Алғашқы екі аптада сен өз ауысымыңда жұмыста жүрсің деген ой құтқарды. Кейін бұның да әсері жоқ екенін ұқтым. Айналадағы әрбір зат сенен хабар береді. Мен сенің арамызда жоқ екеніңе сене алмаймын. Тек бір жаққа кетіп қалған сияқтысың. Қазір барлық ойым тек сен туралы. Айтылмаған қанша сөз қалды, бірге өткізбеген қанша минут қалды. Бар өміріміз алда еді ғой. Бірге жетеміз деген армандарымыз көп еді”,- деп жазды марқұмның жұбайы.
Анель жазбасында бар күшті қыздарынан алып қайта өмір сүруді үйренуі керек екенін жеткізді.
“Солар үшін тырысамын. Бірақ жанымның жарты бөлігін қалай қайтарамын? Қолымнан келетін жалғыз нәрсе сені ессіз, қатты, мәңгіге, шексіз сүю. Ол жақтан мені күткейсің”,- деді Анель Забикулина.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
