Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

287 миллион теңге ұрлады: Астанада үлескерлердің ақшасын жымқырған адам жеті жылға бас бостандығынан айырылды

28 қарашада Астана соты үлескерлердің ақшасын жымқырған директорға үкім шығарды дейді Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz хабарына сүйеніп. 

pixabay.com

Тергеу дерегіне сенсек, айыпталған адам “Жеңіс Премиум Астана" тұрғын құрылыс кооперативінің директоры болған. Ол “Талисман” тұрғын үй кешенінен пәтер алмақ болған 94 адамның 287 миллион теңгесін алып, елден қашып кеткен. 

Осылай "Талисман" тұрғын үй кешені мердігер компаниясыз қалған, кейін құрылысты “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарлама аясында басқа құрылыс компаниясы аяқтаған. 

Айыпталушы жеті жылға түрмеге қамалады. Одан бөлек, құрылысқа үлескер тартатын қызметте істеу құқығынан және бес жылға тұрғын құрылыс кооперативін құру құқығынан айырылды. 

Талқылау