"Өзінің тоқал екенін түсінетін тоқалға дайын болдым": Бекболат Тілеуханның бұрынғы келіні күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты
Бекболат Тілеуханның бұрынғы келіні Тоғжан Қожалиева күйеуімен ажырасуының басты себебін айтты. Динара Сәтжанға берген сұхбатында Тоғжан 38 жастағы Мейрам Тілеуханмен некесін бұзуының басты себебін күйеуінің ұрпақ сүйгісі келгенімен түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тоғжан Қожалиева, сұхбаттан кадр, Мейрам Тілеухан екінші әйелімен
Әр адам неке өмір бойына созылады дейді, бірақ олай емес екен дейді Тоғжан Қожалиева көзіне жас алып.
“Отбасың жақсы деп елестетесің, күйеуің жақсы, ол – сенің тірегің. Сен оны әлемдегі ең керемет күйеу деп есептейсің. Бірақ бір күні мұның бәрі тек сенің ойыңда ғана екенін түсінесің.
Қазақ отбасыларындағы “ұрпақ керек” деген нәрсе отбасымызды ажыратты. Өте патриархалды, діни отбасы болғандықтан. Бұл үйде барлық келін мен әйелдер үйде отырады көбіне. Бұл танымал отбасы ғой”, – дейді Қожалиева.
Сөзінше, дәрігерлер оған енді балалы бола алмайтынын айтқан.
“Дәрігерлердің қателігінен 10 жыл бойы күрестім. Бәрін жасадым, тексерілдім. Белгілі болғандай, енді бала туа алмайды екенмін.
Біреулерге бір қыз жетпейді екен. Он жігітке татитын қыздар болады. Мысалы, мен сондаймын. Мені әкем сондай етіп өсірді, отбасының отағасындай. Бауырларыма “осы қызды тыңдаңдар” деп айтатын”, – дейді ол.
Қайткенмен де Тоғжан бұл отбасыға алғыстан басқа айтарым жоқ дейді.
Мені қайта түзету қиын болар еді. Күйеуім кімге үйленгенін түсінді ғой, әрине. Бастапқыда мұндай келінге аса қатты риза бола қойған жоқ. Бірақ мен оңтүстіктің қызымын ғой, нәтижесінде бұл отбасы мені қабылдады. Қазірдің өзінде туыстармен жақсы қарым-қатынастамын”, – дейді ол.
Сөзінше, ол келіндік қызметі мен мансабын бірге алып жүрген.
“Мен республикалық мәселелерді талқылап жиналыста отырғанда, маған телефон соғып, кешке қонақтар келетінін айтатын. Сонда барлық жиналысты шегеріп, үйге жетіп келетінмін. Үйде мен басқа адамға айналатынмын. Үйге келіп, сәлем беретінмін.
Бұл отбасында сәлем беретін жалғыз келін мен едім. Барлық амбициямды артқа қалдырып, үйде өздері қалағандай келін болатынмын. Үйде мені білетін адамдар жұмыста мені танымай қалатын. Парламентте жүргенде кейбір туыс депутаттар мені танымай қалған жағдайлар болған”, – дейді әйел.
Айтуынша, тұрмысқа шыққан жылдан бастап жыл сайын “ұрпақ керек” дегенді естіп келген.
“Ұл керек болды. Құдай солай беріп тұрған соң, мұны қабылдауға болар еді деп ойлаймын. Қызымыз да өте керемет.
Күйеуім заманауи, үйдің жалғызы. Ол уақыт өте келе түсінген сияқты. Себебі басында қызым бар, жетеді дегендей ойда болды. Одан кейін біз имамға бардық, суррогат ана табу мәселесін қарастырдық. Бірақ ештеңе шықпады. Молдалар бізге суррогат ана болуға рұқсат етілмейтінін айтты”, – дейді Тоғжан.
Өзін тоқал екенін түсінетін тоқалға дайын болдым дейді Қожалиева.
“Бірақ ерте ме, кеш пе, солай болатынын түсіндім. Өзімді осы ойға үйреттім. Мен өзін тоқал екенін түсінетін тоқалға дайын болдым. Қазақша, яғни екінші әйел екенін түсінетін. Мен онымен құрбы болуға да дайын едім. Бірге балаларды тәрбиелеуге дайын болдым. Иманды, тақуа қызға дайын едім. Алайда менімен бәсекеге түсетін тоқалға дайын емес едім”, – дейді ол.
Қожалиева бұрынғы күйеуінің таңдауы кімге түскенін айтты.
“Бұрынғы күйеуім көп балалы боламын деп 25 жастағы әйелді таңдады, өйткені 30 жастағы әйелден көп ұрпақ күте алмайсың. Ал менің жасым 50-де, күйеуімнен 11 жарым жасқа үлкенмін және оған жасы 23-тен асқан қызды алуға кеңес бердім, – деп атап өтті Тоғжан Қожалиева.
Әйел бір кездері әкесі екеуі күйеуіне тоқал бола алатын жас қыз тауып та қойғанын мойындады.
“Біздің ауылда әке-шешемді немере ағамның қызы қарайтын. Әкем өмірден өтер алдында оларға да мұрагерлер керек екенін айтып, мені, күйеуімді жақсы көргендіктен күйеуімнің отбасына деген құрметі үшін осы қызды тоқал ретінде ұсынған. Әкем қайтыс болғаннан кейін анам мен ағам келін түсіру рәсімін ұйымдастырды. Қыз басында келісті, күйеуім де қарсы емес еді. Бірақ бір аптадан кейін қыз бас тартты. Ол кедей отбасынан шыққан. Оның тәрбиесі өте жақсы еді. Ал оны күйеуіме алып бере отыра мен өз парызымды өтей алар едім, бірақ қазіргі жағдай басқа", – деп түйіндеді Тілеухановтар отбасының бұрынғы келіні.
Айта кетейік, бұған дейін Бекболат Тілеуханның інісі ажырасып, Ресей азаматшасын тоқал етіп алғаны хабарланған еді.
Ресейлік визажисттің әлеуметтік желідегі парақшасынан оның Қазақстанға қоныс аударғанын байқауға болады. Тілеуханның келіні 3 қазаннан бастап Instagram желісіндегі локациясынан Алматыны белгілей бастаған. Суреттерінің астындағы жазбада Мейрам Тілеуханды "күйеуім" деп көрсеткен. Тіпті олардың мешітке барып, некелерін қиған суреттері де жүр.