Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 миллиард 350 миллион теңге: Біртанов Денсаулық сақтау министрлігіне келтірілген залалды өтей алмайтынын мәлімдеді

Бүгін экс-министр Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот үкімі шығарылды. Шенеуніктердің адвокаты Нұрлан Бейсекеев сот шешімімен мүлде келіспейтіндерін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек, бүгін Астанада экс-министр Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот үкімі шығарылды.  Оған сәйкес, экс-министр бес жылға, ал оның орынбасары төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Алайда адвокат Нұрлан Бейсекеев сот шешімімен келіспей отыр. 

“Бірінші назар аударатын жайт, сотта соңғы сөзді айтқаннан кейін екі күннен соң сот шешімі шығатынын естігенде таңқалдым. Сот үкімі алдын ала дайындалып қойғандай көрінді. Платформа бойынша негізсіз сот үкімі шығарылды. Ең бастысы сот тергеуі біз көптеген дәлелдер келтірдік. Іс материалдарындағы барлық дәлелдерді қабылдамай, олардың көрсетілуіне жол берілмейді деді. Сот үкімі туралы нормативтік қаулылар бар. Егер қаулыларының талаптары дәлелдемелердің кейбір талаптарына сәйкес келмесе шағым жасауға болады. Соған сәйкес жоғары тұрған сот инстанцияларын алуға үміттенеміз. "Денсаулық сақтау министрлігін цифрландыру бойынша жұмыс істемейтін платформаны қабылдау" бойынша Елжан Біртанов 5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза, Әбішевке – мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, пробациялық бақылау белгілей отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Біз шешіммен мүлде келіспейміз. Себебі біз айыптаудың нұсқасы ешнәрсемен дәлелденбегені туралы жеткілікті дәлелдер келтірдік, ешқайсысы есепке алынбады. Бүгінде платформаның өте тиімді өнім екені, оны пайданып жатқанын білеміз. Сондықтан әлі де үкімге қарсы шағымданатын боламыз”, – деді ол. 

Сондай-ақ Біртанов пен Әбішев 1 миллиард 350 миллион 123 мың теңге көлеміндегі материалдық шығынды өтеп беруге міндеттелген болатын. Алайда министрдің өзі бұл ақшаны алмағандарын айтады. 

"Біз ондай ақшаны қалтаға салған жоқпыз, бюджеттен бір тиын да алмадық, қажетті ақпарат бар. Ол ақшаның барлығы шетелдегі "Эриксон" компаниясына түсті. Денсаулық сақтау министрлігі келесі деңгейде сол халықаралық компаниямен соттасады деп сенеміз. Сол жақтан ақшаны шығару қажет. Бізде ондай ақша жоқ. Өзімді кінәсіз деп санаймын, пікірімді өзгертпеймін. Заң бойынша сот үкіміне шағым түсіруге құқықым бар. Біз осы мүмкіндікті міндетті түрде пайдаланамыз. Сондықтан ары қарай күресіп, кінәсіз екенімізді дәлелдейміз", - дейді Біртанов.

Бұнымен қоса Біртанов бас бостандығын шектеу мерзіміне дейін Астанада болатынын, қазір медициналық мекемеде менеджер болып жұмыс істейтінін айтты.

"Шығындарды өтеуді жоспарлап отырған жоқпын, бұл мүмкін емес. Бұл қомақты сома. Есептеп көріңіз, менің жеке кәсібім жоқ, жалдамалы жұмыс істеймін. Бұл шешім әлі күшіне енген жоқ. Апелляциялық шағым түсіреміз", - деді Біртанов.

Талқылау