Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әйелдер арасында өзін-өзі емдеу жоғары деңгейде: Зерттеудің алаңдатарлық нәтижелері

Табиғи және әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты әйелдер өздеріне емес, жақындарына көбірек қамқорлық жасауға бейім. Осы себепті олар өз денсаулығын көп жағдайды соңғы орынға қойып, үнемі "уақыт жоқ" деген сынды сылтаулар айтады. Мұны "Гедеон Рихтер Қазақстан" компаниясының "Kazakhstan Women's Health" Әлеуметтік-ағартушылық жобасы шеңберінде жүргізілген әйелдер денсаулығын қорғау саласындағы зерттеу деректері растап отыр. 

Қазақстан әйелдері өз денсаулығын қалай күтеді және мәселелерін неге өз бетінше шешуге бейім?

Қазақстандық әйелдердің жартысынан көбі (54%) өз дендерін сау деп санайды және гинекологқа бармайды немесе сирек барады.

Әсіресе 18-25 жастағы әйелдер гинекологқа мүлдем бармайтын көрінеді. 39%-ы денсаулығында кінәрат бар екенін және 2%-ы ауыр науқастың бар екенін атап өтті. Сауалнама нәтижесіне сәйкес тұрмыс құрмаған әйелдер өздерін отбасылыларға қарағанда саумын деп санайды екен. Сауалнамаға қатысқандардың барлығы дерлік "профилактика  -денсаулыққа жасалатын  ең тиімді күтім" деген пікірмен келіседі. Олай болса, неліктен қазақстандық әйелдердің аз бөлігі ғана гинекологқа қаралады?

"Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, әйелдердің дәрігерлерге бармауының бірнеше себебі бар: денсаулығына шағымданбауы, медициналық талдаудың қымбаттылығы, жақсы дәрігердің жоқтығы және қандай да бір аурудың бар екенін естуден қорқу екені анықталды. Дегенмен біз жоғарыда айтылғандар маманға жүгінбеу керек дегенді білдірмейтінін ескерткіміз келеді. Өйткені көптеген ауруларының бастапқы кезеңдерінде белгілері білінбейді немесе болмайды. Оның үстіне дәрігердің профилактикалық қабылдауы ұзаққа созылмайды және кейбір талдаулар тегін. Қалай болғанда да, емдеу әрдайым профилактикадан гөрі қымбатқа түсетіні естен шығармаған абзал. Ал дәрігерге қаралу – ысырап емес, болашақтағы қаржыны үнемдеу, “сау басыңызға сақинаны” болдырмау.

Гинекологқа негізінен 18-25 жастағы әйелдер бармайтындығы өте алаңдатады. Шынында да, дәл осы жаста қыздардың жыныстық өмірі басталады. Тіпті көп жағдайда олардың көбінесе тұрақты серіктестері болмайды десек, қателеспейміз. Олар жыныстық сауаты енді жетіліп жатқандықтан, кей кездері қорғалмаған қатынас та орын алып жатады. Сол себепті бұл жаста бикештердің гинекологқа тексеріліп тұруға басымдық бергені жөн", – дейді репродуктолог-дәрігер, профессор, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, ҚР ҰҒА академигі Вячеслав Нотанович Локшин. 

Қазақстандық әйелдер өзін-өзі емдеумен айналысады ма?

Зерттеу нәтижелері респонденттердің 71%-ы өзін-өзі емдейтінін көрсетіп отыр. Бірақ әйелдердің денсаулығына уақытылы қойылмаған диагноздардың арты көбіне аурудың асқынуына, созылмалы ауруларға, соның ішінде бедеулік пен онкологиялық ауруларға әкеп соғатынын атап өткен жөн. Контрацепцияның дұрыс қолданбаудың арқасында жоспарланбаған жүктілік пен түсік тастау қауіпі артып келеді. Ең алдымен, бұл жердегі мәселе қыздардың - өзін-өзі емдеуі. Сарапшылар әйелдердің нәзік денсаулығын тек тәжірибелі дәрігердің бақылауымен түзетуді ұсынады.

Зерттеудің екінші алаңдатарлық қорытындысы — аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін әйелдердің көпшілігі аурудың басқа да симптомдарын немесе жазылып кетулерін күтіп жүруі. Сауалнамаға қатысқандардың 66%-ы гинекологқа бармас бұрын біраз уақыт күтіп жүреді екен. Биылғы және алдыңғы сауалнама деректерін салыстыра отырып, жағдайдың өзгермегенін байқауға болады. 

"Біздің әйелдердің өзін-өзі емдеу мәселелеріне қатысты көрсеткіштердің жоғары болуы профилактикалық тексерулердің маңыздылығы туралы ақпаратты арттыруға, бірінші қажеттілік кезінде маманға баруға және ақырында өзіне, денсаулығына қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыруға елеулі себеп. Дәл осымен біздің "KWH" әлеуметтік-білім беру жобамыз айналысады.

Әйелдердің денсаулығына қамқорлық таныту - "Гедеон Рихтер" компаниясы қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Шынында да, 1920 жылдары біздің құрылтайшымыз әріптестерімен бірге окситоцині бар Glanduitrin/Glanduitrin құралын жасаған кезде әйелдердің денсаулығы тақырыбы қозғала басталды. Біраз уақыттан кейін гинекологияда қолдануға арналған ең маңызды әзірлемелер, соның ішінде инновациялық өнертабыстар бірінен соң бірі патенттелді. Бүгінде 120 жылдан кейін компания әр әйелге өзіне оңтайлы сәйкес келетін құралды таңдауға мүмкіндік беретін көптеген түрлі препараттарды ұсынады.

Сондықтан компаниямыз осы терапевтік салада бірегей білімі, бай тәжірибесі бар және әлеуметтік-білім беру жобаларын іске асыра отырып, сарапшы ретінде әрекет етеді деп сеніммен айтамыз. "KWH" жобасының ең маңызды нәтижелерін деректерді талдай бастағанда байқадық, өйткені өткен жылмен салыстырғанда гинекологтарға үнемі баратын әйелдердің саны (жылына кемінде 1 рет) 14,4% - ға өскен. Бұл мұндай жобалардың әйелдердің білімін кеңейтеді және олардың денсаулығын сақтауына көмектеседі деген сөз. Айта кетейік, Kazakhstan Women's Health жобасы "жылдың әлеуметтік-жауапты жобасы" номинациясы бойынша Eurasian Pharma 2022 байқауында лайықты марапатқа ие болды. Бұл біз үшін маңызды жетістік”, – деп түсіндірді Бас директор Гедеон Рихтер Қазақстан Ремигиус Нараускас.

Не себепті Қазақстанда әрбір 6-шы жүктілік түсік тастаумен аяқталады?

Зерттеу әрбір 6-шы жүктіліктің түсік тастаумен аяқталуының себептерін анықтады. Олардың барлығы контрацепцияны дұрыс қолданбауға байланысты. Бұл әрбір 3 қазақстандық әйел (34%) контрацепцияның қандай да бір түрін қолданбайтынын көрсетеді. 30% азамат презервативті таңдайды,19%-ы үзілген жыныстық қатынасқа түседі.

Гормоналды контрацепцияны респонденттердің 11%-ы пайдаланады екен. Көбінесе бұл 36-45 жас аралығындағы әйелдер, олар 3 жылда 1 рет гинекологқа қаралады. Бұл әдісті елемеу себептерінің арасында оның тиімділігі мен стереотиптерге сену туралы жеткіліксіз ақпарат бар. Сонымен, сауалнамаға қатысқандардың 75%-ы гормоналды контрацептивтерді ұзақ уақыт қабылдауға болмайтындығына сенімді, респонденттердің 55%-ы гормондардан салмақ қосады, ал 47% - ы гормондарды қолдану жүктілікті жоспарлауға әсер етеді деп санайды.

Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 32%-ы гинекологтан гормоналды контрацептивтерді, 17%-ы басқа әдістерді қолдану туралы ұсыныс алды. Қажет болса, контрацепция әдістері туралы ақпарат алу үшін 46% дәрігерге барады, ал 48% бұл мәселені өз бетінше шешеді. Әйелдердің 29%-ы ешқашан дәрігерлерден контрацепцияның қандай да бір әдістері туралы ұсыныстар алған емес.

Әйелдер шұғыл контрацепция туралы біле ме?

Жыныстық қатынастан кейін қажетсіз жүктіліктің алдын алудың заманауи әдістерінің бірі – жедел контрацепция. Сауалнамаға қатысқандардың тек 45%-ы, әсіресе, жас арулар бұл туралы біледі екен. Сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 20%-ы жедел контрацепция әдісін қолдануға мәжбүр болған. Олар – көбінесе қорғалмаған жыныстық қатынасқа түскендер немесе контрацепцияны дұрыс пайдаланбағандар. 

Бұл ретте қазақстандық әйелдер түсік жасатуға теріс көзқараспен қарайды. Респонденттердің 51%-ы жасанды түсікті құптамайды. Респонденттердің жартысы түсік тастау тәжірибесін бастан өткергісі келмейді. Бірақ олар оның алдын алу үшін әлі жеткілікті күш жұмсамайды. 

"Жасанды түсік әйелдердің физиологиялық және психоэмоционалдық жағдайына теріс әсер етеді. Сонымен қатар, біздің елде жүктілікті тоқтату деңгейі әлі де жоғары.

Үзілген жыныстық қатынас – денсаулығыңызды қорғаудың және қажетсіз жүктіліктің алдын алудың өте сенімсіз әдісі. Бұл қажетсіз жүктілік қауіпін ғана емес, жыныстық жолмен берілетін аурулардан да қорғамайды. Ал дұрыс таңдалған контрацептивтер қысқа мерзімде де, ұзақ мерзімді перспективада да зиян тигізбейтінін және презервативтерге немесе үзілген жыныстық қатынасқа қарағанда жүктіліктің алдын алудың сенімді әдісі екенін ескеру өте маңызды", – дейді "жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қазақстандық қауымдастық" директоры,  контрацепция жөніндегі еуропалық қоғамның басқарма мүшесі, акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының магистрі Гребенникова Галина Александровна.

Қорытындылай келе, Қазақстандағы түсік тастау проблемасы басқарылатын процесс екенін және тек кешенді тәсіл әйелдер денсаулығына қамқорлық мәдениетін жақсарту динамикасын арттыра алатынын атап өткен жөн. Бұл отбасын жоспарлау қызметінің сапасын жақсарту, сондай-ақ медициналық көмекке қол жетімділікті жақсарту арқылы мүмкін болады. Сонымен қатар әртүрлі деңгейдегі (мектептер, университеттер, емханалар, әлеуметтік желілер және т.б.) контрацепция туралы профилактикалық жұмыс маңызды рөл атқарады. Айта кету керек, жылдан жылға нәзік жандылардың денсаулығына деген жауапкершілігі баяу болса да артып келеді. Медициналық мекемелер, фармацевтикалық компаниялар мен жауапты қазақстандық бизнес өкілдері профилактикалық тексерулерді және контрацепцияның сенімді әдістерін насихаттау жұмыстарына неғұрлым көп қосылса, түсік жасау және әйелдердің ауруы туралы статистика соғұрлым жақсы жаққа өзгереді.

Зерттеу әдістемесі:

Социологиялық зерттеуді 4Service™ халықаралық зерттеу холдингі жүргізді. Еліміздің 17 облыс орталығында барлығы 18 бен 45 жас аралығындағы 814 әйелден сауалнама алынды. Зерттеу онлайн сауалнама әдісімен жүргізілді. Далалық кезең 2022 жылдың 9-22 тамызы аралығында жалғасты. Іріктеменің статистикалық қателігі (ықтималдығы 0,95%) +-3,43%-дан аспайды.

Талқылау