Шымкенттік шенеуніктер Artsport платформасы арқылы ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Шымкенттік шенеуніктер Artsport платформасында ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Антикорадың мәліметінше, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығы өздерінің бақылауындағы компаниялары арқылы балалар үйірмелері мен секцияларына бөлінген ақшаны қайтарып алған. Барлығы – 10 млн теңге. Қазір жас спортшыларға қатысты әдейі жалған ақпарат негізінде екі дерек тексеріліп жатыр.
“Бюджет қаражатын ысырап етудің осындай фактілері тексерілуде. Соттың санкциясымен департамент басшысы қамауда отыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді”, – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Еске салсақ, қоғамның араласуынан кейін мәдениет және спорт министрлігі ArtSport бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы ойын өзгерткен болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”