"Қазақстан – Жаңа Украина": Кеосаян Қазақстан атына кезекті жолдауын жіберді
Ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстанға тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мен қорқытып тұрғам жоқ, ненің болуы мүмкін екенін ескертіп жатырмын. Мұның бәрі қазіргі Украинаның қалай құрылғанын еске түсіреді. Сендер де солардың жолымен бірге русофобиялық мемлекет құру жолында келе жатырсыздар", — деді ол “Кеосаян – персона нон грата / Назарбаев пен русофобия / Қазақстан – Жаңа Украина / "РКН Free" деген видеосында.
Осылайша, Кеосаян 27 сәуірде жүргізушінің ашулы сөзін сынға алған қазақстандық қоғам белсенділерінің айтқандарына жауап берді.
Оның айтуынша, “Қазақстанда ешқашан мықты мемлекеттілік болған емес".
"Біз мұнда Елбасыны қарсы алдық. Иә, біз оларды қаңтар айында террористерден құтқардық. Олар не істеді? Қазақстан русофобиялық мемлекетке айналды. Сондай-ақ сендердің компрадорлық элиталарың да шетелге ақша тасып, басқалардың ізімен жүр", – дейді ол.
"Қазақтар, бауырларым, алғыс білдірген түрлерің осы ма? Ресей бір жаққа құрып кетеді деп шештіңдер ме? Марсқа қоныс аударып кетеді деп ойлайсыңдар ма немесе сендер эмиграция жасайсыңдар ма? Мен – Ресей Федерациясының азаматы Тигран Эдмондович Кеосаянның жеке пікірін айтамын. Украинаға мұқият қарап, байыппен ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар да өзара қарым-қатынас деңгейін қайта бағалап, қайта қарауы керек деп ойлаймын. Себебі, қымбаттыларым, одан әрі айлакерлікке салынып, бұл іс-әрекеттерің үшін ештеңе болмайды деп ойласаңдар, қателесесіңдер. Әлем өзгерді, бәрі өзгерді. Ал пойыз кетіп жатыр. Сендер соңғы вагонға секіре аласыңдар. Мен бұған сенемін, өйткені “барлық” достық ойындары аяқталды. Қазір аман қалу мәселесі маңызды", – деді ол.
- "Маған атуға бұйрық берді": Украинада бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыпталған ресейлік әскериге қатысты сот басталды
- CNN Ресей әскерінің бейбіт тұрғындарды өлтірген кадрларын көрсетті
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тигран Кеосаянға нон грата персонасы статусын беру процесін басталғанын хабарлаған болатын.