Қазақстандық оқушылардың каникул мерзімі бекітілді
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2021–2022 жылдары орта білім мекемелерінде оқу жылының басталуы мен ұзақтығы, каникул кезеңдеріне қатысты 2021 жылғы 27 шілдедегі бұйрыққа өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылғы 13 қаңтардағы бұйрыққа сәйкес, меншік нысанына және қандай ведомствоға бағынатынына қарамастан, мектептердегі 2021–2022 оқу жылының кезеңі мынадай мерзімге белгіленді:
Оқу жылының ұзақтығы:
1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11-інші (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы;
- Ақтөбеде 6-сынып оқушысы "әпкесі телефонын тартып алғаны үшін" өзіне қол жұмсады
- Алматы облысында жасөспірімді басынан таспен ұрып өлтірді
Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
1-11 (12) сыныптарда:
күзгі демалыс – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы демалыс – 18 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 16 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі демалыс – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда).
Сондай-ақ 1-сыныптарға арналған 7 күн қосымша каникул 2022 жылғы 7-13 ақпан аралығына белгіленді.
Талқылау

Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесін басқа мектептерге беру үшін 22 млрд теңге бөлінген: НЗМ қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы айтудан бас тартты
Оқу орны 1-6 сынып оқушыларына грант тағайындау тәртібін де бекітпеген

"Сәлем" сөзі араб тілінен енген, қазақтікі "армысыз": BI Group компаниясының амандасуға қатысты ұсынысы қоғамда сынға ұшырады
Жігіттің пікірінше, мұндай тұжырымның өзі қате