Алматы облысында жасөспірімді басынан таспен ұрып өлтірді
7 қаңтарда зорлық-зомбылықпен өлген 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі, 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің ізіне түсті. Ол 21 жастағы жігіт болып шықты.
“Марқұм жігіт оның жақын танысы болып, қонаққа келген. Екеуі мас болып дүкеннен қайтып келе жатқанда жанжал шығып, марқұмның басынан таспен ұрған, содан кейін жауапкершіліктен қорыққан ол із-түссіз жоғалып кеткен”, – деді Алматы облысының полиция департаменті.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге