Маңғыстауда мұғалімнің орны 750 мың теңгеге саудаланған
Маңғыстау облысында жұмыс орнын саудаға салған келіншек үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.


Әйел танысына мұғалім қызметін сатпақ болған. Ол кез келген аймақты таңдап, сол жерге жұмысқа кіргізетінін айтыпты.
Ол қызмет үшін 750 мың теңге (шамамен 1700 доллар) сұраған.
Жас маман ақшаны бергенімен, қалаған орынға ие болмай, полицияға арыз жазған. "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотталушы бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.
"Сотталушы өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді және жәбірленушіден кешірім сұрады. Сондай-ақ ол соттан өзіне қатаң жаза қолданбауды сұрады. Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Мұнайлы аудандық сотының судьясы Берік Өтеев.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек