Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жансейіт Түймебаевтың баласына бүлікшілер оқ атып, қаза тапты

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы бүлікшілер қолынан қаза тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“6 қаңтар күні 18.35 минут шамасында Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын, Елнар Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан. Қ.Сәтпаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі сәтте құзырлы органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізуде”, – дейді ҚазҰУ баспасөз қызметінен. 

Сондай-ақ 5 қаңтарда Сәкен Битаев есімді азамат бұзақылардың қолынан қаза тапқан. Ол қазіргі кино саласында талантты әрі жас режиссер. Бұл туралы белгілі продюсер, телехикаялар түсірумен айналысатын Толқын Сейдоллақызы айтты.

"Сәкен – менің күйеу балам. Досы екеуі отырған көлікті бүлікшілер тартып алмақ болып шабуыл жасап, оқ жаудырған. Ол – кино саласында көп жылдан бері оператор, монтаж режиссері, дыбыс режиссері болып қызмет атқарған еді. Артында 76 жастағы анасы, жары, кішкентай екі қызы қалды. Өте ауыр қаза. Бір әулеттің қорғаны, асыраушысы, жалғыз ұлы дүниеден өтті", – деді продюсер.

Талқылау