Алматыда көліктің үстіне алып ағаш құлады (видео)
Алматының орталығында ескі алып ағаш көлік үстіне құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 26 қарашада Гоголь мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында орын алған. Әлеуметтік желіде куәгерлер оқиғаның видеосын таратуда. Кадрда алып ағаштың жеңіл көлікке құлағанын көруге болады.
Қалалық ТЖ департаментінің хабарлауынша, сағат 13.19-да Медеу ауданының полицейлерінен хабарлама түскен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Қалдаяқов көшесіндегі №28 үйдің маңында ағаш Kia Rio маркалы автокөлігіне құлаған.
"Оқиға орнына дереу 109 құтқару қызметінің, "Алматы тазалық" және Медеу ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері жіберілді. Көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір жолдың жүру бөлігін тазарту жұмыстары аяқталып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді ТЖД.
Айта кетсек, бүгін Алматыны қалың қар басты.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен