19 миллионыншы қазақстандық туралы не білеміз?
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистикасы бюросының деректеріне сәйкес, 20 маусымда 19 миллионыншы қазақстандық дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
19 миллионыншы қазақстандық 3 тамызда Алматыдағы перинаталдық орталықта дүниеге келген.
"Есімі – Жания Азаматқызы, ата-анасы: Азамат Нұрғалиев 1982 жылы туған, анасы Назгүл Көбентаева 1986 жылы туған, Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады", – делінген хабарламада.
19 миллионыншы қазақстандықты анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: табиғи қозғалыс өсімін (белгілі бір
кезеңде туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымын (еліміздің
аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және кеткендер саны арасындағы айырма) ескеріп жүргізілген.
Жалпы тәуелсіздік жылдары ішінде халық саны 2 557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, ағымдағы жылғы 1 шілдеге 19 009,6 мың адамды құрады.
1991 жылмен салыстырғанда жаңадан туған нәрестелер саны 353,2-ден 426,8 мың адамға өсті.
Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда туылғандар саны көрсетеді. Тәуелсіздік жылдар ішінде 1991 жылы 21,5-тен 2020 жылғы 22,8 туылғандарға өсті.
Айта кетейік, 18 миллионыншы қазақстандық 2017 жылы тіркелген болатын. Ол да Алматы облысының тұрғыны. 18 миллионыншы қазақстандық – 2017 жылдың 11 мамырында Талдықорған қаласында Мүслима Саматқызы. Мүслиманың ата-анасына үш бөлмелі пәтер сыйға тартылған болатын.