Әйелін қорқытқан: Ақтауда мас азаматтың әрекеті жұртты шулатты (видео)
Әлеуметтік желіде ішкиіммен балконда асылып тұрған ақтаулық ер азамат түсірілген видео таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Видеода балконда асылып тұрған азаматты бірнеше адам қолынан тартып, кері көтеріп алғаны байқалады. Оқиға куәгерлері Ақтау тұрғынының бұл әрекеті қайғыға ұласпағанына қуанып жатты.
Маңғыстау облысының ПЛ өкілдері ер азаматтың мас болғанын айтады. Әйелімен болған жанжалдан кейін ол осылай жасаған.
"Ер азамат әйелімен сөзге келіспегендіктен, көп қабатты үйден секірмекші болып әрекеттенген. Полицейлер ерлі-зайыптыларды бөлімшеге жеткізген. Ер азамат осылайша әйелін қорқытпақшы болғанын айтты. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді ПД өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Қызылордада 14 жастағы қыз жоғарғы қабаттан секіріп кеткені айтылған еді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі