Петропавлда анасы сабап тастаған үш жасар қыз көз жұмды
Петропавлда анасынан оңбай таяқ жеген үш жасар қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлім етті.
Балақай 17 қаңтарда ессіз күйде ауруханаға жеткізілген. Үш жасар Саша осы уақытқа дейін комада жатқан. 27 ақпанда қыз есін жимаған күйі көз жұмған.
Еске салайық, бұған дейін 22 жастағы келіншек өз баласын аяусыз сабаған деген күдікке ілінген. Қазір ол абақтыға қамалған. Тергеу амалдары "Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана нұқсан келтіру" бабы бойынша жүргізілуде.
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен
"3 ай бұрын шай төктің, ақысын төле деді": Ақтауда бойжеткенді кафеде ұрып-соғып, сүйреп шығарып жіберген (видео)
Жансая: "Диванды жудырған ақы 14 мың теңгені төле, деп телефонымды тартып алды"