Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліндегі сөздер қалай дұрыс тасымалданады?

Қазіргі таңда көбі қазақ тілінде сөздерді тасымалдамаудан шатасып жатады. Осыған байланысты "Қатесіз қазақ тілінің" бүгінгі материалында біз тасымалдаудың дұрыс жолдары жайлы айтпақпыз. 

Тасымал - сөздің жолға сыймаған бір бөлігінің келесі жолға бөлініп жазылуы. Бірақ бір сөз жолға сыймай қалды екен деп қалай болса, солай тасымалдай бермейміз. Тасымалдау кезінде белгілі ережелерге сүйенеміз. 

  1. Сөзді тасымалдау буын жігінен басталады: кі-тап, кітап-тың, кі-таптарға.
  2. й және у дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады: да-уыс, да-йындық, құ-йын, са-уат
  3. Сөзді тасымалдағанда бір әріпті жол соңында қалдыру немесе келесі жолға тасымалдау дұрыс емес. Мысалы, а-на, ә-ке, а-уа.
  4. Екі әріптен құралған я,ю әріптеріне аяқталған сөздер тасымалданбайды: сия, қию, аю
  5. Аты және әкесінің аты қысқартылып, басқы дыбысы ғана жазылғанда, фамилиясынан бөліп, тасымал жасауға болмайды: Ә.-Жұмабаев, Ә.Қ.-Жұмабаев
  6. Қысқартылған өлшем атаулары тіркескен сөзінен бөлінбейді:100-г, 25-см
  7. Бас әріп немесе бас әріп пен алғашқы сөз буыны қысқарған сөздер тасымалданбайды: АҚ-Ш,Т-МД  деу дұрыс емес.

Дайындаған: Аққибат АҚЖІГІТОВА

Талқылау