Коронавирус жұқтырғанын естіген дәрігер өзіне қол жұмсады
Францияда коронавирусқа шалдыққан дәрігер өзіне қол салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Le Parisien басылымы жазыпты.
Француз басылымының мәліметінше, "Реймс" футбол клубының дәрігері Бернар Гонсалес коронавирусқа жасатқан сынамасының нәтижесі оң болып шыққаннан кейін өзін қол жұмсапты. Бұл туралы ол өлер алдында хатында жазған көрінеді. Десек те Реймс қаласының мэрі хатты жариялаудан бас тартқан.
Дәрігердің жасы 60-та болған. Ол әйелімен бірге өз үйінде оқшауланыпты. Қазіргі таңда оның жарының да коронавирус жұқтырғаны анықталыпты.
Еске салайық бұған дейін Италияда медбике коронавирус жұқтырғанын білген соң, өзіне қол жұмсағаны айтылған еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр