Ұлыбритания ханзадасы Чарльз коронавирус жұқтырды
Ұлыбританияның тақ мұрагері ханзада Чарльздың коронавирус шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ханзаданың бойында аурудың жеңіл белгілері байқалды. Оның денсаулығы жақсы. Қазір ол үйде жұмыс істеуде", - деді Ұлыбритания ханзадасының өкілдері.
Бұған қоса Чарльздың әйелі Корнуоль герцогинясы Камиилла Розмари коронавирусқа қатысты сараптамадан өткен. Бірақ сынама теріс нәтижені көрсетіпті.
Қазір екеуі де Шотландиядағы үйлерінде басқаларынан алшақтатылыпты.
"Ханзаданың ауруды кімнен жұқтырғаны әзірге беймәлім. Ол бұған дейін бірнеше рет қоғамдық іс-шараларға қатысқан, сол себепті мұны ақытау қиынға соғуда", - деп қосты ханзада өкілдері.
Ханзада Чарльз патшайым II Елизаветаның ұлы, Ұлыбритания патшалығының бірінші мұрагері. Қазір оның жасы 71-де көрінеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі