1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады
1 желтоқсаннан бастап жол полициясы жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерді жазалай бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Енді мұндай көліктің иелеріне айыппұл салынады.
Полицияның айтуынша, мұндай көлік жолдарда қауіпті ғана емес, сонымен қатар техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарын бұзады. Жазалауды болдырмау үшін жүргізушілерге автокөлік дөңгелегін арнайы белгілермен жабдықтау ұсынылады.
Барлық автокөліктердің жабдықталу керек екендігі туралы Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде айтылған.
Жазғы дөңгелекпен қыста жүргені үшін айыппұл 5-бөліктің 590-бабына сәйкес бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде болады. Айыппұл құны 12 625 теңгені құрайды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр