Лондон көпіріндегі шабуыл: Қылмыскер бұған дейін террористік әрекеттерге қатысы болғаны үшін сотталған
Лондондық көпірде пышақпен адамдарға тап берген азамат бұрын қылмыс жасап, түрмеге қамалғаны анықталды. Оның террористік әрекеттерге қатысы болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін адамдарға пышақпен шабуыл жасаған 28 жастағы ер азаматтың есімі Усман Хан екендігі айтылды. Ол 2012 жылы сотталып, 2018 жылы мерзімінен бұрын босап шыққан.
Жұма күні қылмыскер Ұлыбритания астанасында лаңкестік әрекет жасапты. Ол пышақпен бірнеше адамды жаралаған, екі адам алған жарақаттардың салдарынан мерт болыпты. Бұған қоса оның үстіне киілген жарылғыш заттың муляжы анықталған.
Қазіргі таңда жарақаттанған үш адам ауруханадан шықпапты, оның біреуінің жағдайы әлі ауыр көрінеді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде адамдарға шабуыл жасаған ер азаматты полициялардың ұстап жатқандығы, артынша бір тәртіп сақшысының әлгі адамды атқаны тараған еді.
Талқылау
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”
"Қандай жанталасты бастан кешкенімді сөзбен түсіндіру мүмкін емес": Қатерлі ісікті 3 рет жеңіп шыққан қазақстандық әйелдің оқиғасы көпті шабыттандырады
Өміріндегі ауыр сынақты еңсерген әйел енді өзгелерге сырқаттан айығуға көмектеседі