Кеңес Рақышев сыртқы істер министрінің штаттан тыс кеңесшісі болды
Кеңес Рақышев сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің штаттан тыс кеңесшісі болды. Бұл ақпаратты сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Кеңес Рақышев министрге инвестицияларды ерікті негізде тарту мәселелері бойынша кеңес береді. Ол штаттан тыс кеңесші болғандықтан жалақы алмайды. Ол бүкіл әлемде іскерлік байланыстары бар ірі қазақстандық кәсіпкер», - деді Айбек Смадияров.
Кеңес Рақышев - кәсіпкер, инвестор, америкалық Net Element компаниясы Fincraft өндірістік холдингі басқармасының төрағасы. Кәсіпкер ірі ресейлік Fastlane Ventures венчурлық қорының директорларының мүшесі және робототехника саласындағы инновациялық технологияларға маманданған Genesis Angels жаһандық венчурлік қорының тең құрылтайшысы.
Кеңес Рақышев 1979 жылы 14 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келді. Оның әкесі белгілі мемлекет және қоғам қайраткері болды, сонымен қатар ол Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасын (СӨП) басқарды. Кеңес Рақышев Қазақстан мемлекеттік академиясын, одан кейін Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін заңгер және экономист мамандығы бойынша бітірген.