Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарапайым үйде тұрған жомарт әйел өз ауылына қыруар қаржыны мұра етіп қалдырған

Егде жастағы британдық әжей қарапайым адамдар секілді өмір сүрген, бірақ кейіннен ол өз байлығын құпия сақтағаны анықталды. Ол қайтыс болған соң, өзінің туған аулыма 1,3 миллион фунт ақшаны өсиет қылып қалдырғаны белгілі болды. Әжей күйеуімен бірге қайырымдылық қорын ұйымдастырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Одри Мози есімді Йоркшир тұрғыны өзінің байлығын көзден тас қылып, банктегі шотында сақтаған. Күйеуі екеуі көп ақшаға ие екендігі жайлы, тіпті, әжейдің ең жақын достары да білмеген көрінеді. 
91 жастғаы Одри 2018 жылы қаңтар айында қайтыс болған. 60 жыл бірге болған жары екеуінің бірде-бір баласы жоқ екен. Арттарында қалған мұрагер болмағандықтан, кейуана бұрын өзі өскен ауыл тұрғындарына көмектесуді жөн көрген. Сонымен қатар Мози мен оның жұбайының Англия мен Барселонада үйлері бар екен.

Мози ханымның I Audrey Mosey Fund фонды шығармашылық топтарға, қайырымдылық ұйымдарына, мекттептер мен әлеументтік мекемелерге көмек көрсетеді екен. Оны танитын адамдардың сөздерінше, әжей жүрегі кең адам болған екен. 

Қариялардың бұл шешімі Коттингем жұртын таңқалдырыпты. Ал өситетті орындаушылар жомарт жұптың бұл ісі басқаларға үлгі болады деген сенімде. 

Талқылау