Төреғали Төреәлі Қытайда боевик жанрында кино түсірмек
"Ұлы дала баласы" тағы бір кинокартинаны көрермен назарына ұсынбақ.

Бұған дейін комедия жанрында кино түсіріп көрген әнші енді боевикті қолға алған. Бұл туралы Revue бағдарламасында айтылды.
"Ұлы дала боевигі. Алматы-Гонконг" деп аталады. Боевик жанрында түсіреміз. Кино Алматы мен Қытайдың Гонконг қаласында таспаланады. Жуырда тамашалайтын боласыздар. Қолдауларыңызға рахмет", - деді әнші.
Бұл дегеніңіз туындының ауқымы кең. Олай болса, асыға күтіңіз.
Төрештің комедия көпшіліктің көңілінен шыққан еді. Алайда таяқтың екі ұшы бар демекші, картина арзан дүние деп бағалағандар да болды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"