Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фотограф Солтүстік Кореяның әлем білмейтін қырларын паш етті (фото)

Мартин Фон Ден Дриш Солтүстік Кореяда сегіз күн жүріп, түрлі сурет түсірген. Ол Берлин қаласының тумасы. Аталған елге 2014 жылдың тамыз айында барған. Бір кездері ол өзінің әйелі Джулия Киммен бірге Мәскеуден бастап Владивостокқа дейін көлікпен саяхаттаған.  Неміс фотографы Солтүстік Кореяны мүлдем басқа қырынан көрсетті.

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

48 жастағы фотограф Солтүстік Кореяға 30 адамнан тұратын топтың құрамында барған. Қасына әйелі Джулия Кимді де ерте келген екен. Олар Пхеньян аймағынан бастап, Оңтүстік Кореяға дейін саяхаттаған. Топтағы адамдардың қасында мемлекет тарапынан бөлінген арнайы қызметкерлер болған екен.

Мартиннің суреттерінен Солтүстік Кореядағы жағажайды, осы өлкені әдемі таулары мен жиі күлімсірейтін адамдардың суретін көруге болады. Алайда бұл суреттер басшылыққа ұнамай, олардың барлығын өшіріп тастауды талап еткен екен.

1р

Мартин өзінің кампаниясын ашып, кітабын шығаруға ақша жинап жүр. Ол туындысын “Шекара асып: Солтүстік Кореяның біз білмейтін ұлылығы” деп атамақ.

2р

Елдің астанасы Пхеньяне қаласының тұрғындары 3D форматтағы киноларды көргенді ұнатады екен

3р

Жағажайдағы кішігірім Wonsan қаласында отырған даяшы. Ол өзінің түскі асын ішіп отыр

4р

Joint Security Area конференция залын күзетіп тұрған екі сарбаз

5р

Бұл суреттен униформа киіп ән салып бара жатқан сарбаздарды көруге болады

6р

Мектеп оқушысы инені сабақтауға қиналып отыр

7р

Мартин мен өзге туристер Солтүстік Кореяға келген кезде, даяшы әйел оған жылан салынған арақ ұсыныпты

8р

Бұл сурет мемлекет құпия ұстап отырған ауылды түсірілген. Оны сол жерде өшірткізген екен. Алайда фотограф қайта қалпына келтірудің жолын тапқан

9р

Бір топ туристің көлігі сынып қалған. Адамдар оны итеріп көлік жөндеу орталығына апармақ

10р

Бұл суреттің Солтүстік Кореяның жұрт біле бермейтін қырын көрсетті – әдемі таулар мен жағажайлар

11р

Аталған жағажайда алтын түсті, жұмсақ құм бар

12р

“Чон” немесе “Аспан көлі” деп аталатын кратерлер

13р

Ауылдық жерлердегі полицейлердің аппақ әрі кіршіксіз таза киімі туристерді қайран қалдырды

14р

Неміс суретшісі Мартин Фон Ден Дриш пен оның әйелі Джулия Ким

15р

Сатушы қыз келушілерге түрлі азық-түлік ұсынып жатыр

16р

Экскурсия кезінде туристер Солтүстік Корея жануарларының мұражайына барды

17р

Оқушылар пернетақтамен жұмыс істеуді үйреніп жатыр

18р

Басшылық тыйым салса да, Мартин кей адамды суретке түсіріп үлгерген

19р

Пхенья қаласындағы парламент ғимараты. Мұнда 687 аймақтан тағайындалған шенділер келеді. Олардың елге қызмет ету мерзімі – 5 жыл

20р

Сарбаз әйелдер Paektusan тауын күзетіп тұр. Солтүстік Корея азаматтары өздерінің қорғандарын ерекше жақсы көреді

21р

Пхеньян қаласында аквабақ. Оны ел басшысы арнайы салдырған екен

22р

Бұл суреттен бұралып атып келе жатқан таңды көресіз

23р

Қарапайым ауыл тұрғындары. Олар төрт түлік мал бағып, ауыл ішінде велосипедпен қатынайды

 

Талқылау