Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неміс балалары қазақ халық ертегілерін оқып жүр (фото)

Der Zaubergarten деген атаумен неміс тілінде 1982 жылы басылып шыққан қазақтың халық ертегілері Берлиндегі Vivantes деп аталатын медициналық орталықтың балаларға арналған ойын бөлмесінде тұр.

20161021170128

Қазақтың халық ертегілерін орталыққа емделуге келген балалар оқысын деп қойып қойған Егемен Қазақстан газетіне сілтеме жасап.

Кітаптың шыққан жылына қарағанда, Германия ГДР және ГФР болып екіге бөлініп тұрған кезде жеткен. Бірақ немістердің қандай затқа болсын ұқыптылықпен қарайтыны осы кітаптан да көрініп тұр. Аса қатты ескіре қоймаған. Мазмұны тіпті бай.

20161021170145

Бір қызығы кітапта басым көпшілігін бүгінгі күні өзіміз де ұмыта бастаған небір қызықты ертегілер де бар екен. Мысалы, «Күнікей сұлу» (Күн астындағы Күнікей), «Сиқырлы бақ», «Апалы-сіңілі үшеу», «Жас батыр мен жалмауыз», «Қадырдың бақыты», «Әуез ханның қырық ұлы» сияқты бүгінде көп кездесе бермейтін ертегілер осы Берлиндегі орталықтың төрінде қойылған кітапта жүр.

в

Тіпті онда қазақта ғана кездесетін атау сөздер мен ұғымдардың немісше түсінігі де берілген.

Жіберіп алмаңыз:

Жұлдыз жорамал бойынша бір біріне мүлде сай келмейтін екі белгі

Қазақстандықтар бүгін түнде жұлдыздар ағатын әсем көріністі тамашалайды

Қазақстанда әйелдердің жұмыс уақытын екі есеге қысқарту ұсынылды

Ақтауда несиесін төлей алмаған әйел 9-қабаттан секірмек болды (видео)

Жас жігіт теракті туралы әзілдеймін деп 2 жылға сотталып кетті

Талқылау