Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Немерелер рахатын көреді": Гүлзира Айдарбекова жекеменшік сауда үйін салып жатқанын айтты

Фото: Видеодан скриншот

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасылық сауда үйінің салынып жатқанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі Астанадағы зәулім ғимараттың бас-қасында жолдасының жүргенін айтты. 

“Нұрекең неге Астанада жүр?” дегенге жауабымыз дайын. Бұл – біздің сауда орталығымыз. Осы жақта жылқылар бар, соларды реттейді. Болашақта балаларға күнкөріс қамы үшін салып жатыр. Біз көрмейтін шығармыз, бірақ немерелер рахатын көреді. Біраз уақыттан бері құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ тағы да біраз жұмыстары бар екен”, – деп жазды продюсер. 


  • "Бриллианттарыма дейін сенікі": Гүлзира Айдарбекова немересіне арнап жазба жариялады

  • "Төрт баламның жанынан табылды": Жұлдыз Әбдікәрімованың анасына арналған жазбасы көпшілікті жылатты


Еске салайық, Айдарбековтер әулетінің келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласына жүкті екенін көрсеткен еді. 

“2025 жылға менің жоспарым болған. Алайда… Оның маған деген жоспары одан да ғажап әрі қайырлы”, – деп жазды актриса. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 04 Маусым, 2025 11:05
Талқылау