Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Немере сүйіп отырған Бақыт Шадаева әлі де тұрмысқа шығудан үмітті екенін айтты

Ұзақ уақыт көк жәшіктен көрінбей кеткен Бақыт Шадаева Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ән әлеміне қайта оралғанын хабарлады. Бірнеше жыл бойы көрермен көзінен тасада қалған әнші, шығармашылыққа белсене кірісіп кеткен. Тіпті, тыңдармандарына тың туындыларды әзірлеп, бүгінде бейнебаян таспалап жатыр.

шадаева 090917

«Мен бақытты күндерімді қалай ұмытамын?» деп аталатын клиптегі кейіпкерлердің тізімінде әншінің құрбыларымен қатар кумирлері де бар. Олар Қазақстанның қос халық әртісі Роза Рымбаева мен Нағима Есқалиева және актриса Гүлнар Дусматова. Өнер өлкесінің өкілдері бұл бейнебаянда ностальгияға толы сәттерін еске алады. Ал, шығармашылығы үнсіздікке тап болған Шадаева, сахнадан алшақтап қалуының себебін түсіндірді.

«Өнерден жоқ болып кеткен себебім, үлкен қызым бойжетіп, оқуын бітіріп, оны орналастыратын сәт келді. Мен оған біраз көңіл бөлдім. Кезінде өнер деп жүріп көп қарамадым. Қазір тұрмысқа бердім. Екі немерем бар. Өнерді қисам, сол осы жанұяның мәселесіне байланысты» – дейді қызын қияға қондырған Бақыт ханым.

ШАДАДАДА

Алайда, тұңғышы ақ келін атанғанымен, Шадаева отандық шоу-бизнестегі басы бос ханымдардың қатарында екенін жасырмады. Келер күннен күдерін үзбеген әнші Бақыт, алдағы уақытта өмірлік жарын жолықтырып, бір басынының екеу болғанын қалайды.

«Жар табуды өмірдің өзі көрсетеді. Жеке басыма байланысты айтатын болсам, Құдай жарды беріп жатса, кездестіріп жатса оны уақыты келгенде айтамын»  – деп уәде берген Шадаева, жеке өмірінде қуанышты хабар болса бірінші болып Stan.kz редакциясына қоңырау шалатынын айтты.

Сонымен қатар, ән әлеміне оралған Бақыт ханым,  отандық киноөндірістің өркендеуіне де өзіндік үлесін қосуға ниетті. Нақтырақ айтсақ, Шадаева қазақстандық актрисалардың қатарын толықтырмақ.  Әнші жақын күндері түсірілім жұмыстары басталатын «Леди мегополиса» атты картинадағы басты рөлдердің біріне бекітіпті!

ШАДАДАДАДДДВ

«Бақыт Шадаеваны актриса деп айта беруге болады. Актерлық шеберлігі сабағынан өткенбіз. Қазір шынында да киноға түскелі жатырмын. Алты сериялы картина. Оған да мен сондай қуанып жатырмын. Өйткені, керемет сюжет, керемет фильм. Біз қатарлы әйелдерге арналған фильм» – дейді актрисалық мансабындағы жағымды жаңалығымен бөліскен Бақыт Шадаева.

ШАДАЕВА

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Әріптестері Айқынның әке атанғанын растады

Мен аз ақша таппаймын: Сиви Махмуди шетелдегі зәулім үйі туралы алғаш рет сыр ашты

Әнші Ақбота әріптесі Жұлдыз Өмірғали жайлы желіде тараған ақпараттың ақиқатын айтты

Танымал әншілер жанды дауыста сайысқа түсуден бас тартып ұятқа қалды

Талқылау