"Немере бақпайтын әжемін": Айгүл Иманбаева келініне қандай талап қойғанын жасырмады
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші, актриса Айгүл Иманбаева ұлын үйлендіріп, келін түсіргенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/
Өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында ұлы мен келініне қандай талап қойғанын айтып, келін мен ене тақырыбын қозғады.
“Менің ұлым рухани дүниелерге жақын. Ол бренд заттарға қызықпауы мүмкін. Бірақ рухани дүниені байытатын білім теріп жүреді. Келінімнің де соның деңгейінде болғанын қалаймын. Босаға аттап келген күнінен бастап, “Салпыетек, басында орамалы бар, күндіз-түні әлеуметтік желіні ақтарып отыратын келін болма” деп ескерттім. “Дамуды тоқтатпай, өзіңнің қызығушылығыңды жаса” дедім. Менен гөрі анамның жанында көбірек болады. Сол кісі бәрін үйретіп жүр. Өткенде үйге барсам, сәлем салып, орамалын тағып алыпты. Менің кейде үйдегілерге айқайлап, ұрсып алатыныма да үйренді”, – деп бастады әңгімесін әнші.
-
"Бұрынғы әйелімен бір киноға түсіп жүр": Баян Мақсатқызы Сәбит Әбдіхалықовты еркектерге үлгі етті
-
"Ол қатарда мен де бармын": Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйел болудың қиындығын айтты
Сонымен қатар эстрада әншісі немересінің де туғанын айтып, сүйінші сұрады.
“Немерелі болғаным рас. Үш айға толды. Менен гөрі анам қасында көбірек болады. Немере бағатын әжеге ұқсамаймын ғой. Балама да бірден айтқанмын: “Мен немере бағып, жөргегін алмастырып отырмаймын. Бірақ әнімді айтып, бесігін тербетемін” дедім. Осы күнге дейін әлі шомылдырған да жоқпын. Анамның қызғанатынын байқадым. Шөбересіне ешкімді жолатпайды. Өткенде ұстай қойып едім, “құлатып аласың, дұрыс жуындырмайсың” деп бермеді. Содан жолаған жоқпын. Бірақ барған сайын артынып-тартынып бүкіл сыйлығымды алып барамын”, – деп жан сырын ақтарды әнші.
Еске салайық, "Келіншегінің қолынан шай ішіп, үйіне барып тұрамын" деп Айгүл Иманбаева экс жұбайы Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасын айтып берген еді.