Некедегі азамат жасырын үйленіп, отбасынан 23 жыл қашып жүрген (фото)
Азамат екінші әйелі ажыраспай қойғандықтан, есімін өзгертіп, басқа мемлекетке көшіп кеткен. Арада 23 жыл өткен соң, туыстары оның тығылып жүргенін біліп қояды.
Бұл туралы dailymail.co.uk басылымы хабарлайды.
Ричард Хогланд 1993 жылдың ақпан айында жоғалып кетеді. Жоғалмас бұрын әйеліне ауруханаға баратындығын айтқан. Артынша өзі жоғалып, көлігі әуежайдан табылған. Бірақ ешбір ұшаққа отырмаған. 2016 жылдың шілде айында полиция оны Флорида аймағынан ұстап алады. 20 жыл бойы балықшы Терри Симанскийдің есімін иемденіп келген екен.
Азамат 1995 жылы үшінші рет үйленіп, балалы болып үлгерген. Өкінішке орай, 63 жасында алаяқтығы мен адам өлтіргені үшін түрмеге түсті. Ал екінші әйелі Линда екеуінің ортақ Метью және Дуглас есімді ұлдары бар. 2003 жылы Ричард заң жүзінде өлі деп танылады. Осыдан кейін екінші әйелі басқа еркекке тұрмысқа шығады.
Балықшының есімін Ричардтың пайдаланып жүргенін оның жиені біліп қояды. Ол кездейсоқ құжаттардың бірінен қайтыс болған ағасының 1995 жылы үйленгенін көреді. Осыдан кейін алаяқтың ізіне түсіп, оны полицияға ұстап береді. Ал Ричардтың үшінші әйелі Мэри Хикман күйеуінің шын аты-жөні жазылған құжаттарды тауып алады. Мұнымен қатар, 2015 жылы күйеуінің Луизианадан иелік жер сатып алғанын біледі.
“Мен жұмыста едім. Ричард маған хабарласып, қатты ауырып тұрғанын, жедел көмек көрсететін ауруханаға бара жатқанын айтты. “Мен бірге барайын немесе үйде жедел жәрдемді күт” деп едім, “Уақытым жоқ” деп жауап қайырды”, – дейді Линда. Ол күйеуі жоғалған күні барлық аурухананы аралап шығады. Бірақ, бұл әрекеті нәтижесіз болады. Өзімен бірге киімін де, құжатын да алмаған. Полиция қызметкерлері Ричардтың жоғалуына екінші әйелінің қатысы бар деп ойлаған.
Ричард ұзақ уақыт бойы балаларына хат жазып, 50 доллардан жіберіп тұрған. “Мен сендерді жақсы көремін және көргім келіп жүр. Мына ақшаны аналарыңмен бірге жұмсаңдар. Арасында артылғанын жинаңдар. Жуырда көрісіп қалуымыз мүмкін. Мен, тіпті, сендерді танымай қалатын шығармын. “Сәлеммен әкелерің” деп жазған хатында.
Ричард бастапқыда Палм-Бичтегі әкесімен бірге тұрады. Әкесі оған қайтыс болған балықшының аты-жөнін иеленуге кеңес береді. Ол туу туралы кәулігінде, жүргізуші куәлігінде, түрлі штатқа барғанда, үшінші әйеліне үйленгенде, осы балықшының есімін пайдаланған. Шілде айында Паско полициясы оны айтқан өтіріктері үшін ұстап алды. “Бұл – өзгелердің өмірін құртып жүрген адам” дейді шериф Крис Нокко. Ол полицияға екінші әйелінен заң жолымен ажыраса алмағандықтан, осындай әрекетке барғандығын айтқан.
Жіберіп алмаңыз:
Анасы ұрып-соққан қыз сот үкімі шыққанға дейін әкесімен қалатын болды
Қарағандылықтар автобуста арақ ішіп тұрған әйелдерді видеоға түсіріп алды (видео)
Алматыда ұрлықшы әйел телефонды балалар арбасынан суырып алды (видео)
Демалыс күндері Қазақстанның кей бөлігінде күн +22 градусқа дейін жылынады