"Неге соны билемеске?!": Ермахан Ыбрайымовтың тойдағы биі желіні жарды
Фото: Видеодан скриншот
Сидней Олимпиадасының чемпионы, танымал боксшы Ермахан Ыбрайымов ерекше биімен көзге түсіп, жұртты таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшы әнші Сәкен Майғазиевтің баласының тойында би жарысына шықты.
Желіде тараған видеода спортшының көпшілік алдына шығып, бар ынтасымен билеп жатқан сәті бейнеленген. Қонақтар оған "Давай, Ереке, давай!" деп қолпаштап, қошемет көрсетті.
Желі қолданушылары егде тартқан азаматтың ширақ қимылына риза болды.
“Неге соны билемеске?!”, “Дастаннан күшті билеп тұр”, "Олимпиада чемпионы не істесе де жарасады", "Қазақтың батыры би де билей алады екен", "Ермахан аға жарайсыз, өмір қысқа – көтеріңкі көңілмен жүргенге не жетсін" деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, халық әртісі Мақпал Жүнісова Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымовқа өздеріне қатысты тараған ақпаратты есіне салып, әзілдеген еді.
"Ереке, сізді танығаныммен, екеуміз араласпаған адамбыз ғой. Бірақ екеуміз туралы не айтылғанын білесіз бе? Екеуміз жүреді екенбіз, сіздің маған деген махаббатыңыз бөлек екен. Осыны оқыған күні қылқынып қала жаздадым,”– деді Жүнісова.