Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Неге қашуым керек?": Қайрат Боранбаев Қазақстаннан кетуге әрекет жасағаны туралы сұраққа жауап берді

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында Қайрат Боранбаевқа қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Назгүл Бапақова қараған іс барысында айыптаушы тарап - "Qazaq Gaz" АҚ өкілінен және айыпталушылар - "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановтан жауап алынды. Күдіктілерге сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылуда.

Астанадағы сот отырысы үзілісінде журналистер Қайрат Боранбаевтан оның елден қашпақ болған жерінде қамауға алынғаны туралы ақпараттың рас-өтірік екенін сұрады. 

"Бұл - негізсіз ақпарат. Мен сол кезде жиналыста болдым. Кешкі сағат 17:00-де қалыпты жұмыс күні кезінде мені қамауға алды. Бейжіңнен жаңа келген болатынмын. Біз онда қола жүлде алдық. Иә, Ригаға түнде, сағат екіде ұшамын деп ойладым, Неге қашуым керек? Осында туып-өстім, әкем осында жерленген, анам да, бизнес те осында. Мен қайда қашуым керек?" - деді Боранбаев.

Бизнесмен рейстің жоспарланғанын айтты. Оның адвокаттары бұл бір айға жоспарланған жұмыс сапары екенін дәлелдейтін барлық құжатты сотқа ұсынған. 

Еске сала кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамаған болатын.

30 желтоқсанда Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталып, онда "АзияГазЧунджа" ЖШС қылмыстық эпизоды қаралған еді.

Сол күні күдіктінің адвокаты қорғаушысын үйқамақта ұстауды ұсынып, сот ұсыныстан бас тартқан болатын. 

Талқылау