Небәрі айына 1 теңге төлеп Kcell Auleti жоғары жылдамдықты үй интернетін пайдаланыңыз
Елдегі жетекші мобильді операторы "Кселл" абоненттері үшін айына небәрі 1 теңгеге ультра жылдам үйдегі интернет Kcell Auleti-н ұсынады. ⠀
Kcell Auleti жоғары жылдамдықты үй интернетімен бейнені 4 және 8К-да жылдам жүктеу, ыңғайлы орнату, жақындармен еш кідіріссіз онлайн байланысуға болады.
Роутерге бір уақытта 64 құрылғыға дейін қосуға болады.
Роутерді 32 990 теңгеге сатып алуға үлгеріп, үй интернетіне айына бір-ақ теңге төлеңіз!
5G байланысын үйден шықпай-ақ орнатуға мүмкіндік жасалды. Ол үшін Kcell Auleti қызметі арқылы онлайн тапсырыс берсеңіз жеткілікті.
Телефон батырмасын бірнеше рет бассаңыз болғаны, соңғы байланыс технологиясы үйіңіздің табалдырығын аттайды. Ең бастысы, ол сымсыз да қолжетімді. Қабырғаларды бұрғылап, сымдарды тартуды ұнатпайтындар үшін бұл ұтымды ұсыныс.
Үйдегі Wi-Fi және мобильді желілерде қолданылатын қазіргі технологиялармен салыстырсақ, 5G біз күткеннен де асып түсетін нәтиже көрсететінін байқауға болады. Себебі 5G – жоғары жылдамдықтағы байланысты қамтамасыз етуге, кідірістерді азайтуға арналған ұялы желілердің бесінші буыны. Бұл технология әртүрлі инновацияларға, соның ішінде автономды көліктерге, ақылды қалалардың дамуына үлес қосады.
Республика бойынша 5G қолжетімді мекенжай тізімін толығырақ Kcell Auleti веб-сайтынан көруге болады. 5G технологиясын енгізу үшін SingleRAN (бірыңғай радиоқабылдау желісі) деп аталатын арнайы әдіс қолданылады. Бұл әдіс 5G-ді 2G, 3G және 4G сияқты қолданыстағы желілерге еш қиындықсыз енгізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында интернет желісінің сапасы жақсарып, жаңа технологияға көшу процесі жеңілдейді.
Kcell Auleti тек үйде ғана қолданылып қана қоймай сонымен қатар түрлі кәсіп иелеріне, әр түрлі сала мамандарына жұмыстарын жеңілдетеді. Құрылғы әсіресе жұмысында интернет жылдамдығы маңыздылар үшін өте тиімді.
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу сонымен қатар бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.